Үш жас баланың анасын тонап, қатыгездікпен өлтірген (видео)

4545
Adyrna.kz Telegram

Риддерде үш жас баланың анасын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ПД мәліметінше, әйел 26 тамыз күні таңертең үйінен жұмысқа кеткен. Алайда сол күйі онда жетпей, хабар-ошарсыз жоғалған. Оның мәйіті орман ішінен табылды.

Бірнеше күннен кейін жедел уәкілдер қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған. Азамат жауап алу кезінде оңай олжаға кенелгісі келгенін айтты.

«Алты күн бойы жедел-тергеу іс-шаралары тәулік бойы жүргізілді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 99 және 192-баптары бойынша сараланады, олардың санкциялары 20 жылға дейін жазаны немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді»,– деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Айта кетейік, марқұмның артында 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш баласы қалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер