Еуразия бірінші арнасы: Елімізде болмаған жаңа жоба іске қосылды

3706
Adyrna.kz Telegram

«Еуразия» бірінші арнасында жаңа маусым!

Отандық телеарналар арасында соңғы 20 жылда үздіктер қатарында келе жатқан «Еуразия» бірінші арнасы жаңа маусымда көрермен назарына бірнеше тың жобалар ұсынбақ.

«Мама, маған дауыс бер!»

Тұңғыш рет ТМД көлемінде баламасы жоқ, бұрын-соңды елімізде болмаған «Мама, маған дауыс бер!» музыкалық жобасы 4-қыркүйекте көрерменге жол тартады. Сайысқа қатысып, барын салу үшін, еліміздің ең үлкен қалаларындағы 300-ден аса өнерпаздың ішінен 50 үміткер таңдалған.
Тосын сыйлар мен ерекшелікке толы бұл бағдарламаның тізгінін «Шакенти» лақап атымен танымал Шәріп Серік алмақ.

Бірінші ойға түйетіні бұл – отбасылық жоба. Балаға да, үлкенге де бірдей қызықты болмақ. 15 пен 20 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, сахнада өнер көрсеткен өз баласына анасы дауыс береді. Ұйымдастырушылардың сөзінше әзірге Қазақстан көлемінде теңдесі жоқ бағдарлама көрерменнің көңілінен шығып, отандық эстрадада жаңа жұлдыздардың шамын жағуы әбден мүмкін. Жобаның идеясы тың, аудиториясы зерттелген, көрерменнің сұранысына жауап береді.

«АЙНА»

Оған қоса арнадағы жаңалықтар легі де көрерменге жаңаша бағытта ұсынылады. Әр аптаның сенбісінде тікелей эфирде берілетін «АЙНА» қортынды-сараптамалық бағдарламасының сипаты бір бөлек. Хабар қоғамның айнасы ретінде ел ішінде болып жатқан барлық оқиғалар мен үрдістер, проблемалар мен олардың шешімдері және ұлт жетістігін көрермендерге дәріптейді.

Жобаның мақсаты – елімізді бар болмысымен, жетістіктері мен кемшіліктерін қатар көрсете отырып, билік басында қабылданатын шешімдер, экономикалық үрдістердің жемісі қарапайым ел азаматының өмірінде қандай көрініс табатынын ашып көрсету. Өзекті һәм ауқымды мәселелер сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірталасы арқылы сараланса, тілшілер еліміздің әрбір өңірінде болып жатқан маңызды оқиғаларды паш етеді. Қазақстанның ұлан ғайыр даласындағы табиғаттың таңғажайыптары мен ел ішіндегі ерек тұлғалардың өмірінен репортаждар көрсетіледі.

«Тайны еды!»

Тәуелсіз еліміздің тоқтаусыз дамуындағы барлық жетістіктер ұлылыарымызды ұлықтап, ата дәстүрімізді сақтап, тарихымызды танып, өткенмен санасқандығымызда екені сөзссіз. Тамыры ғасырларға ұласатын дала заңдары мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бізге міндет. Бұл бағытта телеарна жаңа маусымда бірегей жобалар көрермен назарына ұсынады. Олардың ішінде ғасырлар бойы жалғасып келген рухани құндылығымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымызды танытатын «Тайны еды!» мегажобасы бар.

«Вау, Казахстан!»

Жаңа маусымдағы тағы бір жаңалық - еліміздің ең көрікті жерлерін насихаттау мақсатында табиғат құшағында түсірілетін «Вау, Казахстан!» жобасы. Дархан даламызда әлі күнге дейін жұмбақ болып келеген тылсым табиғаттың бізге белгісіз тұстары мен әулие мекендердің тарихы, көненің мекені болған, сіз бен біз біле бермейтін орындар мен жер асты мешіттердің беймәлім қырларына саяхат жасалады.

Ал арнаның басты тірегіне айналған ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік, танымдық, ойын-сауық және таңғы бағдарламалар өзгеше форматта, жаңа студияларда шыға бастайды. Жаңа маусымда талғамы биік көрерменнің көңілінен шығар тың жобалар жетерлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер