Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдау кезінде дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына тоқталып, отандық спортқа барлық жағдай жасалуы тиіс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдай жасалуы тиіс. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Токио Олимпиада нәтижесіне байланысты еліміздегі спорт жағдайын бұдан бөлек тағы бір отырыста қарастыруымыз қажет екендігіне тоқталды.
"Адырна" ұлттық порталы