Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен әйел оқиға туралы баяндап берді

3176
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы жарылыс орын алған сәтте зардап шеккен әйел қазіргі жағдайы туралы баяндап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Бейнежазбадан жарылыс екпіні дәмханада тұрған әйелді бірнеше метрге ұшырып жібергенін байқауға болады. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол дәмханаға тамақтануға бара жатқанда өртті байқаған.

Көлікпен келе жатқанда қара түтінді көрдім, ол кезде шөп өртеніп жатыр деп ойладым, мұнда әскери қойма бар екенін де білмеппін. Тамаққа тапсырыс бергенбіз, бір кезде жарылыстың дауысы естілді. Орнымнан тұрып, терезеге жақындай бергенімде жарылыс екпіні ұшырып әкетті. Бұлай болады деп ойламадым, – дейді видеодағы әйел.

Айтуынша, терезе әйнегінің сынықтары оның бетіне тиіп, есінен таңдырған.

Қатты есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармадық. Қаладағы дәріханаға бет алдық. Бетімдегі әйнектерді өзім шығардым, біреуі табаныма да кіріп кетіпті. Он шақты әйнек болды-ау деймін. Үйге келіп, жарақаттарыма дәрі жақтым. Не істерімді білмедім. Сол күні ұйықтай алмай, ертесі жұмыстан қалдым. Менің жақын туыстарым сол күні не болғанын да естімеді”, – дейді ол.

Қазір әйел жағдайы едәуір жақсарғанын жеткізді.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында жарылыс салдарынан 15 адам көз жұмып, тағы 98-і түрлі жарақаттар алған. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер