Атырауға вакцина алу үшін шалғай аудандардың тұрғындары пойызбен келді

1993
Adyrna.kz Telegram

Облыс орталығынан вакцина алуға 50-ге жуық ауыл тұрғын арнайы келді.

Бүгін, 20 тамызда сағат 9.00-де Қызылқоға ауданының Сағыз станциясынан "Қазақстан Темір Жолы" АҚ қызметкерлері, сондай-ақ шалғай ауылдар мен разьездердің тұрғындары пойызбен жолға шықты.

Тегін тасымалд акциясын Атырау облысының әкімдігі "ҚТЖ"АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Жалпы алғанда облыс орталығына вакцина алуға 50-ге жуық адам келді. Оларға екі егу пункті - темір жол ауруханасы және N 7 қалалық емханасы қызмет көрсетті.

- Облыс орталығына Қызылқоға және Мақат аудандарының тұрғындары келді. Кейбір тұрғындар алғаш рет вакцина алуға келді, енді бірі вакцинаның екінші компонентін алды. Акция жалғасады, жақын арада Құрманғазы ауданының шалғай ауылдарының тұрғындары вакцина алуға келеді, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Еске сала кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Атырау облысының 173 мыңнан астам тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың бірінші компонентімен егілді, екінші компонентін 125 мыңнан астам адам алды.

Пікірлер