Жарылыста қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды

2436
Adyrna.kz Telegram

Бүгін еліміздегі барлық мешіттерде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыс кезінде қаза тапқандардың рухына бағышталып, Құран Хатым оқылды. Құран хат әр өңірдің жергілікті уақыты бойынша сағат 10.00-де түсірілді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар24-ке" сілтеме жасап.

Халықтың амандығы үшін шейіт болғандарға бағышталған Құран хаты елордадағы Әзірет сұлтан мешітінде де оқылды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми әлеуметтік парақшасында Құран Хатымды бағыштау рәсімі тікелей эфирден көрсетілді.

– Еліміз үшін  әскреи қызметте жүрген біздің сардарларымыз , ел қорғап, әскери міндеттерін өтеп, өрт үстінде қаза тауып жатыр. Бұндай қазаны шәриғатта шәйіт дәрежесінде деп санайды.  Өйтикен ол ел қорғау үшін, қоғамның тыныштығын сақтау үшін жандарын пида етті. Бұл Алланың алдындағы үлкен дәреже. Алла осы қаза болғандардың марқұмдардың рухтарын  шаттыққа бөлеп,  мейіріміне бөлеп, ақыретте қиямет күні жандарын жәннатта шалқытсын, — деді ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер