Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқан әскерилер наградталды

2589
Adyrna.kz Telegram
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқан әскерилерді наградтау туралы Қаулы шығарды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының Қаулысында жарылыс кезінде қаза тапқан М.Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын, А.Қапезов пен А. Микропулоға І дәрежелі «Айбын» орденін, О.Дәлібаев, Р.Жанболатов, М.Мешінбай,  Е.Сандыбаев,  Е.Нәдірбеков, А.Темірболатов, Т.Төребековтерге ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін беру туралы шешім шығарылған.
Ел Президентінің Қаулысында былай деп жазылған:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) – Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры
Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары);
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы
Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі)
Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі)
Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы)
Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы
Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы
Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
"М.Қ. Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 тамыз.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер