Жамбылдағы жарылыс: 49 қызметкер ауруханаға түсті

3355
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы жарылыс бойынша жедел ақпарат жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәлімдеуінше, ауруханаға 49 ТЖД қызметкері түскен.

Оқиға орнында Министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде. Сондай-ақ Алматы қаласынан құрамында 6 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан АМО 1 бірлік техникасы, Шымкент қаласы ТЖД арнайы жасағының 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 33 адамы және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келді.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің пультіне ҚР Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөлімінің қоймасында (Жамбыл облысы, Королевка кенті, Тараз қаласынан 30 шақырым) түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Өрт қойма ғимаратын толық шарпыды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер