Жастарға көлеңке түспесін!

2546
Adyrna.kz Telegram

Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюы бекер емес. «Дені сау ұрпақ – ұлт байлығы» екенін үнемі айтып келеміз. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама. Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру кең етек алып барады.

Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде жалпы ел болып күресуіміз қажет. Осы мақсатты бетке алған ауданымыздың «Жасыл ел» еңбек жасақшылары аудандық жастар ресурстық орталығының жастарымен бірге «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акциясын өткізді. Бұл игі шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шараларын айқындап беру. Акция барысында қала тұрғындарына әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеуге бағытталған үнпарақтар таратылып, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты түсіндіріп, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақырды.

Еліміздің болашағы – жастар деп, жастарға зор үміт артып отырғанда бұл індеттің өршуі болашағымызға көлеңкесін түсіріп отырғаны қорқынышты.

Перизат Нұрқаева

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер