«Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет»

1971
Adyrna.kz Telegram

Ата-бабаларымыз дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Әрбір адам немесе басшы мен мемлекеттік қызметші бүкіл болмыс-бітімімен адал, әділ, турашыл, таза болып, нақтырақ айтқанда өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқармайынша қоғам түзелмейді, елдің дамуы алға жылжымайды.
Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілетті жететін қызметкердің айналысып отырғаны белгілі.

Жемқорлық қылмыстары көбіне пара алу жер телімдерін бөлуде, субсидия беруде теріс мақсатты көздеу, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджеттік қаражатты ұрлаумен байланысты болып жатады.

Біздің қоғамдық рухани санамызды және мемлекетшілдік санамызды жаңғыртуымыз керек. Біздің мемлекетшілдік санамыз әлі биік деңгейге көтерілді деп айту қиын. Біздің қоғамымыздың дамуына кері әсер етіп отырған әлі де коррупция бар,  жат қылықтар бар.
Аристотель: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» – деп, айтқан екен. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Айта кетейік, мемлекет басшысының 2020 жылғы 1  қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
116-тармағын орындау мақсатында аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелердің, яғни аудан әкімі аппаратының, 15 ауылдық округ пен 13 бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Аудан бойынша «Мобильді ауыл» жобасын жергілікті елді мекендерде, «WhatsApp мессенджері» арқылы, мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мекемелер, жергілікті полиция қызметкерлері, салық қызметкерлері, аурухана қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және тағы басқа мекеме қызметкерлері онлайн форматта халықпен тікелей байланыс орнатып, мазалаған сұрақтарын, туындаған мәселелерін тікелей жауап беруге арналған арнайы топ құрылып, топтың құрамына ауылдық округ әкімдері, қоғам белсенділері енгізілді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік органдардың  жұмысын ашықтық пен жариялылыққа бағдарлап, көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Кербұлақ ауданы бойынша Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты, Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты, Басши ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, Қарашоқы, Панфилов, П.Дутов, Күреңбел, Қосағаш, Сарыбастау, Ы. Алтынсарин, Сарыбұлақ орта мектептері «Open Space» форматына, 71 мемлекеттік мекеме басшылары бірінші қабатқа көшіріліп жұмыс жасауда. Аудан орталығы мен ауылдық жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 14 билборд орнатылып,  тұрғындардан түскен арыз-шағымдарға арналған 25 жәшік және "Жетісу адалдық алаңы" арнайы жобасы аясында аудан бойынша халық көп шоғырланған жерлерге сенім телефондары орналасқан 80 плакат ілінді.  «Адал көмек» жобасын іске асырып, әлеуметтік желіде онлайн  түрде тегін құқықтық кеңестер беру мақсатында бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен 6 айда 28 тікелей эфир  ұйымдастырылды.

Пікірлер