Сыбайлас жемқорлық – барша қоғамның жауы

466

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын тәуелсіздік алған сәттен бастады және қазіргі уақытта бүкіл әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылы 2015-2025 жылдарға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия бүгінгі күні маңызды құжат болып табылады. Аталған құжаттың негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тең құқылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайларына төзбеушілік атмосферасын құру, сол арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Кез келген мемлекет құқықтық жүйенің негізгі принциптеріне сәйкес адалдық пен сатылмаушылықты, жауапкершілік пен ашықтықты көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді және үйлесімді саясатын әзірлеуге ұмтылады.Қазақстан әлемнің көптеген басқа елдері сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Біздің мемлекетіміз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған және халықаралық конвенцияларға қосылған ТМД-ның алғашқы мемлекеттерінің бірі.Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дамуға кедергі келтіреді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің беделін түсіреді және Қазақстанмен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процестерін баяулатады және демократиялық мемлекеттің саяси және әлеуметтік институттарына теріс әсер етеді, бұл елдің болашағына елеулі қатер төндіреді.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тек саясатта ғана емес, экономика мен басқару элитасында да кең таралған. Бұл жағдайлар мынадай міндеттерді туғызады: біріншіден, сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін жағдайлармен күрес жолымен сыбайлас жемқорлықтың дамуын төмендету және кедергі келтіру; екіншіден, осы проблемаларды шешуде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа бейімділігінің себептері әртүрлі. Бұған, ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің төмендігі және этикалық ұстанымның болмауы жатады. Парақорлықтың кеңеюіне кейбір мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылығы, кәсіби этика мен адами қасиеттердің әлсіз болуы да ықпал етеді. Ең өкініштісі және қауіптісі сыбайлас жемқорлықтың тереңдеу мүмкіндігі, өйткені мемлекеттік органдардың кейбір басшылары жемқорлықты тамырымен жоюға барынша ынта танытпайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау бойынша жұмыс жүргізбейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады.

Пікірлер
Редакция таңдауы