БҰҰ қызметкерлерімен Ауғанстаннан Алматыға екінші рейс келді

2860
Adyrna.kz Telegram

Алматыға БҰҰ қызметкерлерімен Ауғанстаннан тағы бір рейс келді. Ұшақ бортында 108 адам болған. Бұл туралы БҰҰ -ның Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Кеше БҰҰ қызметкерлерімен екінші рейс келді. Бортта 108 адам болған. Барлық орналастыру мәліметтері баспасөз брифингінде айтылғанмен бірдей. Олардың Қазақстанда болуына байланысты барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді», - деді БҰҰ Қазақстандағы өкілдігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҰҰ -ның 135 қызметкері Алматыға Кабулдан ұшып келген болатын. Олардың 60 -қа жуығы Кабулда жұмысшыларды қашықтықтан қолдау үшін Қазақстанда қалды. Барлық келген азаматтардың БҰҰ төлқұжаттары бар екендігі, олар халықаралық дипломаттар екені және БҰҰ -ға мүше 193 мемлекеттің барлығын ұсына алатыны хабарланды. Келгендердің арасында АҚШ, Канада, Азия, Африка және ТМД елдерінің өкілдері бар.

Кейінірек брифингте БҰҰ -ның Ауғанстандағы көмек миссиясының арнайы өкілі және басшысы Дебора Лионс Алматыға ауған қызметкерлерінің бірқатары келетінін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер