Жан Кособуцкий америкалық қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

3481
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/162_81dfae36afcee9f7b7fc893125a7628e.jpg
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында бокстан кезекті жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sports.kz-ке" сілтеме жасап. Бұған дейін жеңіліп көрмеген аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий WBA International чемпионы белбеуін қорғау үшін «танк» деген лақап аты бар америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жұдырықтасқан.
Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда америкалық соңына дейін шыдай алмады. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберген.
Осылайша Жан Кособуцкий кәсіби мансап жолында 16-шы рет жеңіске жетті және екінші деңгейлі WBA атағын сәтті қорғап қалды. Ал Джоуи Давейко кәсіби рингте осымен 9-шы рет жеңілістің ащы дәмін татты.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии