Ресейлік БАҚ Қазақстан билігіндегі ұлтшылдарды атады

5471
Adyrna.kz Telegram

Ресей БАҚ-тары "Қазақстандағы ұлтшылдық" деген ойдан шығарылған тақырыпты қоздырып әлек. Олар тіпті Қазақстан билігінде Ресейге қарсы әрекет ететін ұлтшылдар тобы бар деп жазуда. Бұл туралы mk.ru сайтына сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Депутат Берік Әбдіғалиұлының Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы комиссияны басқаруы мен Түркістан легионындағы қазақтарды ақтауға қатысты ұсынысын асқынған ұлтшылдықтың көрінісі деп тауыпты. Олар Беріктің Әбдіғалиұлының бұл бастамаларын АҚШта білім алып, Украианадағы қала мэрінің кеңесшісі болуымен байланысты дейді.

Келесі бір кезекте ұлтшыл ретінде Украинадағы елші Дархан Калетаевты жазады. Калетаевтың елден титулды емес ұлт өкілдерінің қоныс аударуына қатысты пікірі ресейлік БАҚ-қа жақпай қалыпты. 2020 қазақ азаматтарының Михаил Саакашвилимен кездесуін дәл осы азамат ұйымдастырған деп мәлімдейді.

Ұлтшылдар тізіміне олар Ерлан Қаринді де қосқан. Қаринді түрік ұлтшылдарының көзқарасын қолдайды десе, "Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашевті Қазақстандағы Кеңестік билік қасақана ұйымдастырған аштықты "геноцид деп мойындауға шақыруын" сынапты.

Сондай-ақ олар ұлтшылдар тізіміне Айдос Сарым, Дос Көшім, Арман Шораев, Расул Жұмалыны да қосқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер