«Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі

3932
Adyrna.kz Telegram

Елімізде «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтілетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл екінші кезең қамтылады. Онда талапкерлердің жылдық «бес» бағасымен қатар 5-11 сынып аралығында алған барлық тоқсандық бағасы да «5» болуы керек. Бұл өте маңызды талап. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз»,— деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, биыл 9738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін растап, «Алтын белгі» иегері атанды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер