Алматыға Ауғанстаннан 42 адам келді

2665
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстаннан Қазақстан азаматтары эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 42 адам мінген ұшақ Алматыға қонды.

"18 тамыз сағат 17.00-де Қазақстанның әскери әуе күштері С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға қонды. 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері келді ", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар әскери ұшақпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылды.

Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

"Бірнеше күн бұрын Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеме жасаған едік. Себебі ол кезде біз білетін адамдардың бәрі шығып кеткен. Алайда екі-үш күннің ішінде елшілікке бір топ азамат келіп, елге оралуға өтініш білдірді. Қазақстандық құжаттарын көрсетті. Бүгін ғана осы жарты сағаттай бұрын Алматы әуежайына қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы қонды. Онымен Қазақстанның 25 азаматы елге жеткізілді", - деді Смадияров арнайы брифингте.

 

Пікірлер