Алжирде өртке қатысы бар деген күдіктіні өртеп жіберді

2813
Adyrna.kz Telegram

Алжирде бір топ адам елде болған өртке қатысы бар деген күдіктіні өртеп жіберді. Желіде күдіктінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы видео пайда болды. Прокуратура оқиға бойынша тергеу бастаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "centralasia.media-ға" сілтеме жасап.

France 24 телеарнасының хабарлауынша, бұл оқиға өрттен ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі Тизи -Узузу аймағындағы Ларбаа Натх Иратен қаласында болған. Қатыгездіктің құрбаны — 38 жастағы ер адам. Оны полицейлер ормандарды өртеді деген күдікпен ұстаған. Мұны білген ашулы халық полиция бөлімшесіне кіріп, ер адамды сыртқа шығарып, ұрып-соғып, кейін тірідей өртеп жіберген. Сондай -ақ, ұсталған адамды құтқаруға тырысқан полицейлер де жарақат алған.

Құрбан болған Бен Исмаил бейсенбі күні кешке туған жері Алжирден батысқа қарай 115 шақырым жердегі Хемис Милиана қаласында жерленген.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Алжир билігін қылмысты дереу тергеуге және «зорлық -зомбылық жазасыз қалмайтыны туралы нақты белгі беруге» шақырды. Алжир прокуратурасы тергеу басталғанын хабарлады, қазір оқиғаға жаппай қатысушылар іздестірілуде.

Al-Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Алжир полициясы орманды өртеді деген күдікпен 22 адамды ұстаған, олардың 11-і Тизи-Узузу провинциясында өрттің салдарынан қатты зақымданған.

Алжирде бірнеше күн бойы үлкен орман өрті болды. Ел билігі апаттан 71 адам қаза тапқанын, оның ішінде 28-і әскери қызметкер екенін мәлімдеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер