Ғалымдар жойылатын елдердің тізімін жасады

8470
Adyrna.kz Telegram

Гринпис сарапшылары жаһандық жылынудың Цельсий бойынша 1,5 градусқа көтерілуі Тынық мұхиты аралдарының кейбір аймақтары үшін апат болатынын ескертті.

Ғалымдардың айтуынша, бұл аймақ елдері ұзақ уақыт бойы теңіз толқыны, қуатты циклон, құрғақшылық пен жер асты суларының тұздануынан зардап шекті. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келген. Бұған қоса, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты көптеген аралдар су астында қалды. Ғалымдардың айтуынша, бұл катаклизмдер планета жылынған сайын арта бермек.

«Тынық мұхиты аралдары жаһандық жылынудан қатты зардап шегуі мүмкін. Біз теңіз деңгейінің көтерілуіне куә болып отырмыз, ол жалғаса бермек. Кирибати, Вануату және Соломон аралдары сияқты елдер өмір сүруге жарамсыз болмақ», - деді Аустралияның Тынық мұхитын зерттеу жөніндегі директоры Никола Казуле.

Бір күн бұрын БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобы (IPCC) есеп жариялады, оған сәйкес Жер 2030 жылы Цельсий бойынша 1,5-2 градус сыни температуралық шекті еңсереді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер