Шымкент: "Цветлит" ЖШС жұмысы қарқынды

102

Еліміздегі ең ірі алюминді сым илемдерін өндіретін зауыт Шымкентте! Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Цветлит» өндіріс ошағының жұмысы қарқынды.

«Цветлит» ЖШС – энергетикалық сымдар мен кабельдерді өндіру бойынша заманауи, инновациялық, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыт 2014 жылы «Даму» қорының кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы көмегімен 6% субсидияланған несие алып, құрылысын бастаған.  2015 жылы алғашқы  өнімін шығарды. Жылдық қуаттылығы 36 мың тонна. 950 млн инвестиция көлемімен бастау алған кәсіпорын, бүгінде құнын 1.5 млрд теңгеге жеткізген.

Бекжан Айткұлов – «Цветлит» ЖШС зауытының  басшысы «Алдағы уақытта өндірісімізді кеңейтуге шаралар қолданып жатырмыз. Наурыз айында балған құрылыс аяқталып, 2-3 күнде жаңа линияны қосамыз»

Аталмыш кәсіпорын алюминий сымдары мен қорытпаларын шығарумен айналысады. Мұндағы шикізаттар отандық өнім. Мәселен, қорытпалар арнайы Павлодар қаласынан жеткізіледі. Толықтай Италияның технологияларымен жабдықталған өндіріс ошағының 3 түрлі өнімі бар. Өнімінің 80%-ы Қазақстанды, ал 20%-ы шет елді алюминий өнімдерімен  қамтамасыз етеді.  Атап айтсақ, Оңтүстіктен кабель, трансформатор өндіретін және Теміртау металлург зауытынан сұраныс жоғары.

Ғалымжан Аккөзов - «Цветлит» ЖШС зауытының бас механигі – «Мен мұнда 2015 жылдан бері жұмыс жасаймын. Жұмыс өзіме ұнайды. Індетке байланысты вакцинаның 2 компонентін де салдырдым. Жағдайым жақсы»

Бүгінде зауытта 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың дені жергілікті және қала тұрғындары. Зауыт басшысы қызметкерлерге барлық жағдайды жасаған.  Жоғары жалақы, уақытылы үйлеріне жеткізу қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын одан сайын ашатын көрінеді.

 

Балнұр Жумаділлә

 

Пікірлер
Редакция таңдауы