Шымкентте 2 мыңдай жұмыскердің жалақы қарызы өндірілді

1413
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жыл басынан бері 2 мыңдай жұмыскердің жалақы қарызы өндірілді. Инспекторлар осы уақыт аралығында қаладағы 35 кәсіпорында жұмыс істейтін еңбеккерлердің 166,5 млн. теңге көлемінде еңбекақысын төлеткізіп берген. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.

Айтуынша, биылғы 6 айда үшінші мегаполисте еңбек дауларына қатысты ұзын саны 600-ге жуық  арыз-шағым түскен. Осы уақыт аралығында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзден астам тексеру жүргізіп, еңбек қатынастарында 200-ге жуық заңбұзушылықты анықтапты. Еңбек дауларына қатысты арыздар негізінен балабақша қызметкерлері мен күзетшілерден, қызмет көрсету салаларының өкілдерінен түседі дейді сала басшысы. Айта кетейік, қазірдің өзінде қаладағы 5 кәсіпорынның  15 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы бар. Мамандар 90 жұмыскердің «маңдай ақы, табан терін» төлету үшін барын салып жатыр дейді басқарма басшысы.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

 «Арыз шағымдар саны биылдыққа 10 пайызға өсіп отыр. Дегенмен, пандемия жағдайы еңбек нарығына қатты әсер етіп отыр деуге негіз жоқ. Карантиннің жеңілдетілген тұстарын пайдаланып көптеген жұмыс беруші кәсіпорындар жұмысын жүргізіп жатыр...»

 

М.Рысбаева

Пікірлер