Қытай дүнгендерді өздерінің құйтырқы экономикалық мүддесіне пайдаланып отыр

4579
Adyrna.kz Telegram

Дүңгендер кімдер?!..

Олар Қытайлардан бөлек бір ұлт па? Қайдан пайда болды? Орта Азияға қалай келді?

Шындығында Дүңгендер бөлек ұлт емес, олар Ислам дінін қабылдаған Қытайлар еді. 751 жылы Талас маңында 5 күнге созылған Араб-Қытай соғысында Қытайдың Таң империясы 70 мың қолмен Арабтардан ойсырай жеңіліп, 50 мың әскері жер құшып, қалғандары тұтқынға түсті, Орталық Азияға Арабтардың келуімен мұсылман діні кең тарап, түркі халықтары Ислам дінін қабылдады, сонымен бірге тұтқынға түскен Қытайлар да ислам дініне кірді, міне сол мұсылман Қытайлар күндер өте келе Отандарына қайтып, сонда мұсылман дінін алып барды.
Кәпір болып кетіп Мұсылман болып қайтқан қытайларды жергілікті Қытайлар "Хуэйзу 回族 - қайтқан ұлт" деп атады, ал ондағы түркі тілдес мұсылмандар оларды "Дінге енгендер" яғни "Дүнгендер"- деп атады. Міне бұлар біз айтып жүрген "Дұңғандар"- еді.
Қытайда Чин империясы хандық құрғанда бұл Мұсылман Қытайларға біраз қысым болды, олар бұл қысымнан қашып Қытайдың батыс солтүстігіндегі Түркі тілдес мұсылмандарға келіп пана тапты. Қытай азаттық алған соң Қытай басшысы Мау Қытайдың батыс-солтүстігіндегі Қазақ, Ұйғыр қатарлы түркі тілдес мұсылмандарды жаулау үшін, тілі бір, діні бөлек мұсылман Қытайларды (дүңгендерді) жақсы пайдаланды. Қытайлар оларды мол қару жарақпен қамдап, қолдарына әскери билік беріп "Шығыс Түркістан" мемлекетін құрушы Қазақтарды жоюға жұмсады. Әйгілі Зуқа, Оспан батырлар бастаған Қазақ батырлары дүңгендермен ұзақ жыл шайқасты, көшіп жүріп соғысты, ақыры саны мен қару жарағы көп дүңгендер қазақтарды қынадай қырды, ұлдарын құл етті, қыздары күң етті. Қырғынға шыдамаған Қазақ жұрты Тибет асып босып кетті. Бұл туралы Хасен Оралтайдың "Елім-айлап өткен өмір" кітабында жазылған.

Дүңгендер Орта Азияға қалай келді? Бұл күнде Қытайлар оларды қалай пайдаланады?
1776-78 жылдары Орыстар алғаш Чин империясынан қашқан Дүңгендерді Орта Азияға алып келді, кейін 1881-83 жылдары тағы ұйымдармен бірге Дүңгендерді Қазақстан және Қырғызстанға әкелген еді. Олар Орта Азиядағы кең қолтық Қазақ пен Қырғыздың ішінде еш зорлық көрмей, бай да бақытты өмір сүріп келді.
Қытай басшысы өз еліндегі барша ұлтты қолына қаратқан соң, енді Орт Азияға ауыз сала бастады, Қытайлар міне осы ірі саяси жоспарын жүзеге асыру үшін Орта Азиядағы дүңгендерді пайдалануға күш салды.
Қытай билігі алдымен Орта Азиядағы дүңгендерге қаржылай көмек көрсетіп, олардың балаларын қытай тілін меңгеру үшін мектептер ашуға көмек көрсетіп, оқулықтармен қамдады, олар тұрып жатқан мемлекеттерде дүңгендер бірлестік ұйымдарын құрдырды, осы бірлестіктер арқылы тұтас дүңген жұртымен тығыз жұмыс жасап жатыр. Қазақстандағы Қытай елшілігі де Қазақстан дүңгендер бірлестігі арқылы дүңгендердің кәсіптеріне қолдау көрсетіп, олардың базарларда ықпалды орынға шығуы үшін төмен бағамен товарлармен қамдап келеді, тіпті кәсіп істеймін деген кез-келген дүңгенге Қытайдан алдын-ала төлемсіз тауарларды жіберіп, олардың Қазақстан мен Қырғызстан базарларын оңай жаулауға қолдау көрсетіп келеді.
Қытай елшілігі "Шетелдегі Қытай мұхажырларымен кездесу" атты әр жылда бірнеше рет түрлі шаралар ұйымдастырып дүңген, ұйғыр қатарлы бірлестіктердің басшыларын шақырып, оларды ерен еңбектері үшін марапаттап отырады. Енді бір жағынан елшілік дүңген мектептерін жыл сайын оқу-құралдары, кітаптармен тегін қамдап, олардың қытай тілі мен қытай идеологиясын меңгеруге жағдай жасады, мектеп бітірген оқушыларды бірден Қытайдың танымал жоғары оқу орындарында ТЕГІН оқытып, Қазақстанға қытай идеологиясымен қаруланған оқыған дүңгендерді жіберуде. Өз кезегінде олар Қазақстан билігіне де араласып үлгерді.
Міне осылай Қытай үкіметі Орталық Азияда дүңгендердің қолымен өз экономикалық және саяси ықпалын күшейтіп келеді, Қытайдың жымысқы қолдауымен дүңгендер бұл күнде базарларда басқа ұлттарды ығыстырып барады.
Міне, енді қаржы мен тауарға тойынған дүңгендер қазақ ұлтын қойып, Қазақстан Республикасының құзырлы мекемелерін, сақшыларын да көзге ілмейтінін көрсетті, бұл жағдай біздің ішкі саясаттың, ұлттық қауіпсіздіктің соншалық әлсіз екенін көрсетті. Бұл әлсіздікті билік емес, халық түзеді, әлсіз сақшылар үшін халық араша түсті, құрбан берді. Осыдан соң билік халыққа, қазаққа риза шығар.
Қысқасы "жау алыста емес жар астында" дегендей, арамызда мұсылмандықты жамылған мүшріктер жүргенін халық та, билік те енді түсінген шығар, бұл бәрімізге үлкен сабақ болды.

 

Қайтар НҰРЛЫҚАСЫМҰЛЫНЫҢ 

фейсбук парақшасынан 

 

 

Пікірлер