“Air Astana” апатқа ұшырауға сәл қалды ма?

2965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/d1dab638-7d54-45c9-bac6-bf06eab49fa5.jpeg
Алматы әуежайынан Тбилисиге ұшқан Air Astana ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады әуе компаниясы. Алматы–Тбилиси бағыты бойынша KC139 рейсі 9 тамызда кешке аттануға тиіс болған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да ұшты, алайда көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.
"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті", - делінген Air Astana хабарламасында.
Әуе компаниясы ұшақтың толық тексерілгенін, одан найзағай ізі анықталмағанын айтты. Ұшақ қайта қолданысқа берілді.  
Комментарии