Ұлыбритания азаматы айдаһар көргенін мәлімдеді

5248
Adyrna.kz Telegram

Лох-Несс көліндегі белгісіз құбыжыққа қатысты әңгіменің өрбігеніне бір ғасырдан астам уақыт болды. Енді міне араға жарты ғасыр салып, құбыжықты көрдім деген тағы бір адам пайда болды. 

Британиялық Daily Star газетінің хабарлауынша Ливерпуль қаласының 55 жастағы зейнеткері Колин Вик Лох-Несс көлінен құбыжықты көрген. 2021 жылы аталмыш көлден құбыжықты көрдім деген тоғызыншы адам болып отыр. Өзгелерден ерекшелігі Виктың қолында дәлелдері де бар екен. Ол көргенін суретке салыпты.

Шілде айында Лох-Несс маңына қыдырып барған ол дүрбіден көлді бақылап тұрады. Бір сәтте көл бетінде үлкен толқын пайда болып, ірі жануардың арқасы байқалады.

Ол көлдегі жануардың арқасы айдаһардың жалына ұқсас болды дейді. Жергілікті газетке өзі есте сақтаған көріністі суретке салып беріпті. Алайда суреттен қандай да бір жануарды байқау өте қиын. Лох-Несс көлінің құбыжығы жайлы оқиғалар өте көп. Тіпті аталмыш тақырыпта 8 фильм түсірілген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер