Атырауда 10 мың тоннадан астам балық ауланып, 80 пайызы экспортталды

133

«Өткен жылы өңірде 6,5 мың тонна балық ауланса, биыл 10 мың 150 тоннаға жетті. Оның 90%-ы өңделіп, өнімнің 80%-ы экспортталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Жалпы, өңірдің күрделі климаттық жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеміз, – деді спикер.

– Бұл салада 26 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді. Атап айтқанда, 24,7 млрд. теңге мал шаруашылығында және 608,1 млн. теңге егін шаруашылығында. Тұщы су тапшылығына қарамастан, ірі қара мал басы 4%-ға (201,9 мың бас), жылқы 9,5%-ға (102,6 мың бас), түйе 3%-ға (36,1 мың бас), қой мен ешкі 2%-ға (787,1 мың бас) артты».

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Пікірлер
Редакция таңдауы