2 бірдей кәмелет жасына толмаған бүлдіршіндер педофилдің құрбаны болды

3137
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда кәмелетке толмаған 9 және 13 жастағы екі қыз педофилдердің құрбаны болды. Бұл туралы “Адырна” ұлтттық порталы хабарлайды. 

Солтүстік Қазақстан облысы ПД мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Аталған факті "Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.

Өкінішке қарай, аталған екінші оқиға кеше болған. WhatsApp-та ата-аналар чаттарында кешке қарай педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында ескерткен жазбалар тарады.

Полицейлер бұл оқиғаның да орын алғанын растады.

“Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді ПД өкілдері.

Пікірлер