Мектеп формасы дауға айналды

5939
Adyrna.kz Telegram

Ал мектеп формасы төңірегіндегі дау тыйылар емес. Бүгін кәсіпкерлер де министрдің шешіміне шағымдануда. Ал кей ата-аналар классикалық киім балалар арасындағы әлеуметтік теңдікті бұзып, оқушылардың арасында бәсекелестік тудыртынын айтады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Мектеп формасы міндетті болмайды! Бас ұстаз Асхат Аймағамбетовтың осы шешімі әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Ата-аналардың бірі оны жақтаса, өзгесі киім үлгісін міндеттеу қажет деп есептейді.

«Байдың баласы гламурный жейде киіп, кедейдің баласы жұрттан сұрап алған киімін киіп баратыны белгілі. Киіміне қарап баланы алалаудың көкесі енді басталады..»

«Нақты айту керек. Форма деп. Бәріне бірыңғай форма деп. Классикалық дегенді қайдан шығарып отыр...»
«Оқушылар форма кигені дұрыс, олай болмаған жағдайда оқушылар арасында киім кию бәсекесі басталады...» 

Қоғам белсендісі, әрі мектеп директоры Аятжан Ахметжан да министрдің пікірімен келісіпейтінін айтады. Өйткені аз қамтылған отбасыдан шықан оқушы үшін әлгі шешім ауыр болады.

АЯТЖАН АХМЕТЖАН, № 90 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Біреуі бес күнде бес түрлі киім кисе, біреуі бір киіммен жүрсе ертең балалардың психологиясымен әсер етеді. Өйткені ол -  бала. Жарысады бәрібір. 0141 Мектептің киімін бір нормаға реттеу керек деп ойлаймын.. Классиканы әркім әртүрлі түсінеді. Мынадай деген стандарт жоқ».

Қоғамда үлкен резонас тудырған мәселе  кәсіпкерлерді де бей-жай қалдырмады. Себебі жаңа оқу жылына біркелкі киімдерді алдын ала тігіп қойған.

АҚСҰЛУ АШКЕНҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

«Рұқсат бергенен кейін оқиды дегенен кейін сату керек, біз банкрот боламыз, оларға қайдан ақша тауып береміз. Жабылады деген сөз, 1,5 жылдан бері формасы сатылмай жатыр. Бізде Петропавлда швейный фабрика бар, 30-45 адам істейді, жұмыссыз қалады».

БИБІГҮЛ КҮЛШІКБАЕВА, КӘСІПКЕР:

«Ата-ана ретінде айтатын болсам,   Бір юбка алайық, алмай қойыңыз, 55 кофта болса, 11 мың болады. Ол форманы бір жыл бойы киеді, жай киім болса оны күніге ауыстыру керек болады.

Ведоства басшысы мұндай шешімді елдегі эпидахуалмен байланыстыруда. Себебі бірақатар елдімекенде карантиндік шектеулер күшейтілген. Ал дүкендегі ұзын-сонар кезек Ковид жұқтыру қауіпін жоғарлату мүмкін.

МӨЛДІР ӘБДУАЛИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Өз тарапынан Асхат Аймағамбетов шешім қабылдады. Ол міндетті болмайды. Егер ата-ана мектеп формасымен барғанды қаласа, әрине құптаймыз, отбасының әлеуметтік жағдайы онда классикалық стильде баруына мүмкіндік бар».  

Айта кетейік, оқушылардың алдағы оқу жылында каникулдарының мерзімі де бекітілді. 1-11 сынып оқушылары күзде 7, қыста 11, ал көктемде 12 күн демалады. Бірінші сынып оқушыларында ақпан айының басында қосымша тағы демалыс беріледі.

Пікірлер