ДУМАН СМАҚОВ: Аурухана «өліп барам» деп жанұшыра айқайлаған ата-апаларға толы

494

Бірнеше оқырманның сұрауы бойынша фб-ға салып отырмын.

Өкпемді КТ-ға түсіру үшін бірнеше адамды орталық ауруханаға алып барды. Мені басқа аппаратқа түсіреміз деп бөлек алып кетті. Ол жақты фото не видеоға түсіре алмадым. Сипаттап берейін…

Ұзын дәліз. Шаршаған, шарасыз дәлізге құлаған дәрігерлер…

- «Қыздар, өліп барам, өліп барам», - деп жанұшыра айғайлаған ата, ақырын сыбырлаған апа…

Сондай қорқынышты. Денем әлі дірілдеп отыр…

Дем ала алмай жатқандарды шешіндіріп, төмен қаратып жатқызып қояды екен…

- «Балам, кімсің, әкімсің бе, дәрігерлер қарап үлгермей жатыр..»– деді бір ата. Мен үнсіз өте бердім…

Өкпемді КТ-ға түсіріп, жанымдағы алып жүрген жігіт екеуіміз басқа жолмен қайттық.

Мен сөз бастадым:
- Денем дірілдеп кетті ғой…
- Менің де, аға! Таңғы 8-ден бері жүрміз. Күніне тек мен 20-30 адам әкелем…

Сол сәтте дәлізде жатқан дәрігерлерді көрдім. Шаршапты… Біреу қатып жылап отыр…Бірін-бірі жұбатады…Қорқынышты…

Сол арада бізді тасып жүрген жігітті ары қарай әңгімеге тарттым:

- Таңғы 8-9-дан бастап түнгі 2-3-ке дейін жұмыс істейміз. Отбасын, кафені, тіпті газдалған суды ұмытқалы қашан… Күніне кемі 20-30 адамды КТ-ға апарып, үйіне әкелеміз. Көптеген пациенттің өкпесі бүлінген. Арасында қиналып, ауруды мойындамайтындар кездеседі. Көзіміздегі әйнек те буланып, дым көрінбей қалатын да уақыт болады. Ондай кезде әшкиді шешуге болмайды… Өйтіп, бүйтіп амалдаймыз…

Менен кейін тағы 10-ға жуық адам кезегін күтіп отыр дейді. Бұл тек біздің микроучаскідегі 1 ғана медқызметкердің әңгімесі… Бұл менің тек 10-15 минутта ғана байқағаным….

Айтпақшы, біздің өміріміз үшін күресіп, аурудан айықтыру үшін жанын салып жүрген дәрігерлерге мың алғыс!

Пікірлер
Редакция таңдауы