Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2021 жылдың 2 тамызында Атырау облысының Томарлы ауылында 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына қоңырау 19 сағат 14 минутта түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар жедел су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Сағат 21:03-те жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері суға батып кеткен жасөспірімнің денесін тауып, су астынан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды»,– делінген хабарламада.Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында 21 адам қаза тапқан.
«Адырна» ұлттық порталы