Самарқандта толқу: Өзбекстан әскер кіргізді (видео)

10482
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Ургут қаласында жаппай тәртіпсіздік болып, оны басу үшін билік ОМОН мен әскерилерді жіберген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Азаттық" радиосының Өзбекстандағы қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 21 шілдеде Ургут ауданының орталығында тұратын жас жігіт Гус ауылының тұрғындарын қатты қорлаған.

Облыстық полиция департаментінің хабарламасында оқиға 21 шілдеде «Дустлик» махаласында болғандығы айтылады: 32 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде жергілікті тұрғындарға боқтық сөздер айтып, видео түсіріп, оны Telegram топтарының бірінде жариялаған.

«Көбісі бұл сөздерді жеке қорлау деп қабылдады және көршілер оның үйіне барып, одан кешірім сұрауды талап етті», - дейді Өзбекстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері.

Кейін ер адам өзінің жасаған ісіне өкініп, кешірім сұраған видео жазған, бірақ бұл ауыл адамдары адамның жеке басын және оның мекен-жайын біліп, үйіне барғаннан кейін болған. Мұны білген ер адам үйінен қашып кетеді, ал ауыл тұрғындары аудан әкімшілігінің ғимаратына барып, биліктен "қылмыскерді" жазалауды талап етеді.

Осылайша әлгі жігіттің сөзін қатты қабылдаған Гус ауылының қалған тұрғындары да облыс орталығына жинала бастайды.

«Азаттық» радиосының редакциясына жіберілген бейнежазбаларда қалқан мен таяқпен қаруланған ондаған әскери қызметшіні байқауға болады. Наразылар қауіпсіздік күштері наразылық акциясына қатысушыларды тарату үшін шокер мен көз жасаурататын газ қолданды деп мәлімдеді. Бірақ махалланың төрағасы да, Үргут аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері де бұл ақпаратты растаған жоқ.

Самарқанд облысының ішкі істер дирекциясы наразылықтан кейін 140-бап («Қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ  тұрғындарды қорлап, видео түсірген адамның үйіне келген азаматтарға  қылмыстық жауаптылық ескертілді.

 

«Қазір Гус ауылы қоршауға алынған сияқты. Әскерилер ауылға кіріп-шығу бекеттерін жауып тастады. Олар ауылды әскери техникамен айналып өтіп жатыр», - деді екі ауыл тұрғыны «Азаттық» радиосының Өзбекстандағы қызметіне.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер