Тәжікстан 100 мың ауған босқындарын қабылдамақ

4833
Adyrna.kz Telegram

"Тәжікстан Ауғанстаннан келуің мүмкін 100 мыңға дейін босқындарды қабылдауға дайындалып жатыр. Екі шекаралас облыстың аумағында қажетті қорларды құру үшін қоймалардың құрылысы аяқталуда" деп хабарлайды "Интерфакс" Тәжікстан Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Имомали Иброхимзоданың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ауғанстаннан келуі мүмкін босқындарды Кушонион аймағында және Хорогта тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін шатырлар, төсек-орын, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ сақтайтын екі арнайы қойманың құрылысы аяқталуда.

"Біз халықаралық ұйымдармен республиканың ауған босқындарын қабылдау әлеуетін анықтау үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Иброхимзода.

Оның айтуынша, шілде айында Тәжікстан өз аумағында күніне 3 рет ыстық тамақпен, медициналық көмекпен, өмір сүруге арналған шатырлармен, төсек жабдықтарымен, ас үй ыдыстарымен ел үкіметі есебінен қамтамасыз етілген 1574 босқынды паналатқан. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер