Бүкіләлемдік ми күні: қызықты 25 дерек

4464
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, яғни 22 шілде — Бүкіләлемдік ми күні. Ең алғаш 2014 жылы Дүниежүзілік неврологтар федерациясы осы күнді Бүкіләлемдік ми күні ретінде бекітті. Содан бері дүние жүзінде бұл дата атап өтіледі.

Қазақстанда бұл күнді 2014 жылы алғаш болып алматылық дәрігерлер атап өткен болатын. Алматы қаласының неврологтары қосылып, емханаларда науқастарды қабылдап, ашық есік күнін өткізген. Одан кейін еліміздің бірқатар өңірлерінде де бұл атаулы күн аясында іс-шаралар ұйымдастырылған. Дегенмен әлемді жайлаған пандемияға байланысты екі жылдан бері бұл күн елімізде атап өтіліп жатқан жоқ.

Негізінен, ми адам өмірінде зор рөл атқарады. Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма пайызын пайдаланады.

Адам миы 75 пайыз судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауға тиіс.

Ең қызығы сол, біздің басымыздың «ішіне» орналасқан ми ешқашан да ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен.

Ғалымдардың айтуынша, күндізгі уақыттан гөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады. Сондай-ақ адамның миына әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін  қабылдау жеңілірек болады екен. Себебі адам дауысы мидың  әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдалануы керек.

 

Біз сіздерге адам миына қатысты қызықты 25 деректі ұсынамыз. Мұқият оқыңыз:

  1. Жаңа нейрондық байланыстар мида сіз әркез бірдеңе еске сақтаған сайын құрылады.
  2. Оянғаннан кейін ми энергия бөледі. Салыстырмалы түрде алсақ ол кішкентай шамның жұмысы үшін жеткілікті болады екен.
  3. Мида 5 минут бойы оттек жетіспеуі орнына келмейтін зақымға әкеледі.
  4. Ми 50 жасқа дейін дамиды.
  5. Алкоголь ішкенде ми есте сақтау қабілетін уақытша жоғалтады.
  6. Адамның қалған бүкіл өміріне қарағанда өмірге келген кезінде  жүйке жасушалары көп болады.
  7. Мидың не сол, не оң бөлігі ғана жұмыс істемейді, олар әр кез бірлесе жұмыс істейді.
  8. Аз ғана билікке ие болу сезімі адам миының жұмысын өзгертетіні және оның аяушылық қабілетін азайтатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
  9. Отбасындағы қаталдық бала миына, соғыстың солдат миына әсер еткеніндей әсер етеді.
  10. Шоколад иісі тета-ритмнің өндірілуін белсендендіреді, ол өз кезегінде босаңсуға әкеледі.
  11. Альберт Эйнштейннің денесін ашқан паталогоанатом оның миын ұрлап алып, формалин еретіндісінде 20 жылдай сақтаған.
  12. Сенімділік қасиетін мидың білгілі бір бөлігін ынталандыру арқылы тудыруға болады.
  13. Ұялы телефон арқылы ұзақ сөйлесу бас миында ісіктің пайда болу қатерін арттырады.
  14. Бала миы ағзадағы глюкозаның 50%-ынпайдалана алады, сол себепті де балаларға көп ұйықтау қажет.
  15. Ми денедегі оттегі пен қанның 20%-ын пайдаланады.
  16. Сіз жаңа бір нәрсені таныған кезде ми құрылымы өзгереді.
  17. Көптеген ми паразиттерінің ашылуына байланысты ғалымдар «зомби-апокалипсис» мүмкіндігін жоққа шығармайтын болды.
  18. Ұйқының қанбауы миға айтарлықтай әсер етіп, талқылау қабілетін, реакция білдіруді төмендетеді.
  19. Мидың жартысын жадыға әсер етпей-ақ хирургиялық жолмен жоюға болады.
  20. 2015 жылы қуаттылығы жағынан төртінші суперкомпьютерге адам миының бір секундтағы белсенділігіне жету үшін 40 минут қажет болған.
  21. Америкалық өнертапқыш Рэймонд Курцвейланың пікірі бойынша 2023 жылы жеке компьютерлер адам миының есептеу қуаттылығына жетеді.
  22. Адам миы 100 млрд нейрон мен триллион глиальді жасушадан тұрады.
  23. Біздің гендеріміздің жартысы мидың кешенді құрылымын суреттесе, екінші жартысы қалған 98% дененің құрылымын суреттейді.
  24. Ғалымдар диета мидың өзін-өзі «жеуіне» әкеледі деп есептейді.
  25. Ұмыту — бұл ми үшін жақсы: қажетсіз ақпараттың жойылуы жүйке жүйесіне көмектеседі.

Тағы бір қызық, ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай-ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен. Дегенмен «Әйелдердің миы тауықтың миындай екен» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені, ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді.

Осы орайда американдық психиаторлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, әйелдер миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер