Маңғыстау облысына 9 вагон арпа жеткізілді

2394
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы келісімге сәйкес өңірге 546 304 тонна арпа жеткізілді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл жобаны  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы «Каспий» ӘКК» АҚ облыстық қазынадан бөлінген қаржыға жүзеге асырып отыр. Мақсат – арпаның бағасын арзандатып, өңір шаруаларына қолжетімді бағада жем жеткізу.

Қазір 1 тонна арпаның нарықтағы орташа бағасы — 112 мың теңге. Ал «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы жеткізіліп жатқан бір тонна арпаның сатылымдағы бағасы — 92 мың теңге.

 

​Бүгін тоғыз вагонға артылған арпа жемі өңір станцияларына келіп тоқтады. Түпқараған, Мұнайлы аудандарына үшін 5 вагон, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы үшін 2 вагон, Маңғыстау ауданы үшін бір вагон бөлінді.
​Қабылдауға ыңғайлы болу үшін және одан әрі мал шаруашылықтары арасында тарату үшін арпа 45-50 кг қаптарға салынған.

​Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер