"ҚазАзот" АҚ аммиак тасымалдауға арналған 30 вагон сатып алды

1350
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы "ҚазАзот" зауытының аумағында жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорын  аммиак тасымалдауға арналған 30 вагон сатып алды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Жобаның мақсаты - сұйық аммиакты тасымалдауға арналған вагон-цистерналарды сатып алу және пайдалану. Барлығы 30 вагон сатып алынды. Әрқайсысының жүк көтергіштігі 56 тоннаны құрайды. Жобаның құны — 711 миллион теңге.

Айта кетсек, "ҚазАзот" акционерлік қоғамы Қазақстандағы минералды азот тыңайтқыштарын, оның ішінде аммиакты өндіретін бірегенй кәсіпорын болып табылады. Аммиак химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі және құрамында азот бар көптеген өнеркәсіптік заттар өндірісі үшін шикізат ретінде қызмет етеді.

Бүгінде компания күн сайын 650 тоннаға дейін аммиак өндіріп келеді. Сатып алынған жаңа вагон-цистерналар өндірісті күніне 750 тоннаға дейін арттыруға және өнімнің уақытылы тұтынушыға дейін жеткізілуіне мүмкіндік береді.

"ҚазАзот" АҚ Теміржол цистерналары сертификатталған және міндетті тексеруден жүйелі түрде өтеді. Аммиак өндірушісі ретінде компания барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер