Уақыт өткен сайын өмір сүру қиындап бара жатқан қоғамымызда Үкімет тарапынан көрсетілетін көмек халыққа жеткілікті ме? Инфляция деңгейі қаншалықты? Күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасы тұрақтала ма? Міне осы сұрақтарға жауап іздеуге тырыстым.
2019 жылы Жастар жылының жабылу салтанатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Сіздер үшін ең маңызды сұрақ шәкіртақы туралы екенін мен жақсы білемін. Ия, шәкіртақы 2016 жылдан бері ұлғайтылған жоқ. Оның өзіндік себептері болды. Сондықтан да 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көбейту туралы шешім қабылдадым. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды. Бұл біздің студенттерге жақсы қолдау болады» - деген мәлімдемесін қоғамда қуанышпен қабылдады. Шын мәнінде студенттердің жағдайы 10 жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда мүшкіл.
2012 жыл. | 15 235 теңге | 101,40 доллар |
2013 жыл. | 15 235 теңге | 99,1 доллар.⠀ |
2014 жыл. | 16 759 теңге | 92,6 доллар.⠀ |
2015 жыл. | 16 759 теңге | 54,51 доллар.⠀ |
2016 жыл. | 20 949 теңге | 61,35 доллар.⠀ |
2017 жыл. | 20 949 теңге | 63,24 доллар.⠀ |
2018 жыл. | 20 949 теңге | 56,3 доллар |
2019 жыл. | 20 949 теңге | 54,2 доллар |
2020 жыл. | 20 949 теңге | 49,7 доллар |
2021 жыл. | 26 186 теңге | 61,2 доллар |
2021 жыл. қыркүйек. | 31 423 теңге |
Олжас Төлеуов (Ұлттық банк басшысының кеңесшісі) : "1993 жылы қараша айында теңге енгізілгенде, 1 доллардың бағамы - 4-5 теңгені құрады. Бірақ бұл көрсеткіш 1 ай ғана сақталды. Ал 1994 жылдың аяғында 1 доллардың бағамы 50 теңгеге жетіп, 10%-ға құлдырады. 2000 жылға таман 1 доллар 120-130 теңгеге өсіп, теңге 30 есеге әлсіреді. Теңгенің әлсіреуіне тәуелсіздік алған сәттегі экономиканың бастапқы дамуы мен 1997 жылы Оңтүстік Шығыс Азиядағы экономикалық дағдарыс әсер етті. 2000 жылдарда мұнай бағасының өсуіне байланысты Қазақстанның экономикасы шикізатқа тәуелді бола бастады. Тәуелділіктің аясында қазақ теңгесіне мұнай бағасы тікелей әсер етіп, нарықта 1 доллардың бағамы 430 теңге шамасына тұрақтады. Егер мұнайға экономикасы тікелей қатысы бар Норвегия, Ресей, Канада сынды елдерге үңілсек, доллар бағамының жергілікті валютаға өзгеруінде Қазақстанмен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бұл әлемдегі макроэкономикалық трендке сәйкес жүзеге асырылуда".
Теңгеміз қаншалықты инфляцияға ұшыраған?⠀
*Инфляция - бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1995 жыл | 60,39%⠀ |
1996 жыл | 28,89%⠀ |
1997 жыл | 11,32%⠀ |
1998 жыл | 1,88%⠀ |
1999 жыл | 18,09%⠀ |
2000 жыл | 10% |
2001 жыл | 6,58%⠀ |
2002 жыл | 6,69%⠀ |
2003 жыл | 7%⠀ |
2004 жыл | 7,01%⠀ |
2005 жыл | 7,87%⠀ |
2006 жыл | 8,40%⠀ |
2007 жыл | 18,77%⠀ |
2008 жыл | 9,48%⠀ |
2009 жыл | 6,38%⠀ |
2010 жыл | 7,97%⠀ |
2011 жыл | 7,43%⠀ |
2012 жыл | 6,06%⠀ |
2013 жыл | 4,90%⠀ |
2014 жыл | 7,54%⠀ |
2015 жыл | 13,53%⠀ |
2016 жыл | 8,29%⠀ |
2017 жыл | 7,22%⠀ |
2018 жыл | 5,43%⠀ |
2019 жыл | 5,43%⠀ |
2020 жыл | 7,5%⠀ |
2021 жыл, мамыр айы | 7,2%⠀ |
⠀
ТЕҢГЕ ТҰРАҚТАЙ МА? ⠀
Алмас Чукин (экономист): "Карантиннен соң, көптеген мемлекеттер өз экономикасын сақтап қалу үшін, ақша құюда. Қазақстан да бұл әдістен құр қалмады. Десе де, ақша болғанымен, тауар жетіспеуде. Себебі, карантинның әсерінен жұмысы шектелген кәсіпорындар сұранысты қанағаттандыра алмауда. Бұл нарықтық экономиканың заңына сәйкес, бағаның шарықтауына, инфляцияға әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиеді. ⠀
Халықтың жалақысының қанша бөлігін азық-түлікке жұмсайды?⠀
Ranking.kz сайтының дерегіне сенсек,⠀
- Түркістан облысының тұрғыны жалақысының 65,6%, ⠀
- Маңғыстау облысы - 62,5%, ⠀
- 3. Атырау облысы- 61,5%⠀
Ең аз жұмсайтын өңірлер:⠀⠀
- Нұр-Сұлтан - 44,3%⠀
- СҚО - 45,3%⠀
- Қостанай облысы - 45,5%⠀⠀
Wordatlas.com сайты бойынша, жалақысынан азық-түлікке ең көп жұмсайтын мемлекеттер (2019 жыл)⠀⠀⠀
- Нигерия - 58,9%⠀⠀⠀
- Кения - 52,2%⠀⠀⠀
- Камерун - 45,5%⠀⠀⠀⠀⠀
- Қазақстан - 42,8% (2020 жыл - 53,2%)⠀⠀
- Филиппин - 41,9%⠀⠀⠀⠀⠀
ЕҢ АЗ ЖҰМСАЙТЫН ЕЛДЕР (2019 жыл)⠀⠀⠀
- Люксембург - 8,4%⠀⠀⠀
- АҚШ - 9,5%⠀⠀⠀⠀⠀
- Нидерланды - 10,6%
- Ұлыбритания - 10,6%⠀⠀⠀⠀⠀
- Ирландия - 11,5%⠀
Арман Бейсембаев (экономист): Ақшаның инфляцияға ұшырауы әлемдік деңгейде болып жатқан үрдіс. Жылына инфляция деңгейі 2%-дан аспайтын АҚШ-тың өзінде биыл 5%-ға, Еуро Одақта 2,3 %, Ресейде 6,5%-ға ұшырады деген ойда.
Бұл импортқа тәуелді Қазақстанға тікелей әсер етеді. Сыртқы фактордан бөлек, ішкі фактор да бағаны қымбаттатады. Қуаңшылықтың кесірінен дәнді дақылдардың аз шығуы, шөптің жетіспеушілігі күзде ет бағасының, ұн т.б 2-3 есе көтерілуіне әкелетіні даусыз.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ,
"Адырна" ұлттық порталы