Маңғыстау облысында медицина саласы қызметкерлерінің 77 пайызы коронавирус вакцинасын алды, деп "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау баскармасының мәліметінше, 7.2 мыңнан астам медицина саласының қызметкері COVID-19 инфекциясына карсы вакцинаны егілген. «Маңғыстау облысы бойынша жалпы медицина қызметкерлерінің саны 10 мыңнан асады. Оның ішінде 9 376 вакцина алушылар санатына кіреді. Бүгінде екпе алғандар саны 7 206 ақ халатты абзал жандарды құрайды. 77% жетіп отыр», делінген хабарламада. Ағымдағы мәліметтер өңір тұрғындарының вакцина алуда белсенділігі артқанын көрсетті. Екпе пунктеріне келгендердің қатары көбейген.
«Мысал ретінде біздің емханамызда медқызыметкерлерің 96 пайызы екпе алды. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс жасап жатырмыз. Халықтың саны күннен күнге артып жатыр. Қажет болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын да осы жерден жүргізіп жатырмыз. Күніне емханамызда 200 адам екпе алып жатыр», - деді Ақтаудағы «ЕРКЕМЕD» емханасының бас дәрігері Серік Қасым.
Оның айтуынша, мұнда қызметкерлері көп еңбек ұжымдарына барып вакцинация жасау қолға алынған . Тек санитарлық нормаға сай келетін екпе орны жасақталуы керек.
Ақпарат inform.kz сайтынан алынды