Әлемдегі ең жас миллиардерлер кімдер?

3545
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі Forbes тізіміне ену үшін өмір бойы үзіліссіз жұмыс істеудің қажеті жоқ. Дәулетті отбасында дүниеге келсеңіз немесе табысты бизнеспен айналыссаңыз жеткілікті. Біз осы орайда әлемдегі ең жас миллиардерлердің тізімін жасақтаған едік. Сонымен...

Әлемдегі  ең жас миллиардерлердің бірі – Александра Андресен. Ол небәрі 24 жаста.  Оның осыншама мол байлыққа ие болуының сыры – отбасылық бизнестің арқасы. Әкесі Иохан Андерсеннің арқасында ол отбасылық  Ferd инвестициялық компаниясының 42%-ына ие болған.

Бұл отбасы 100 жылдан бері  Tiedemanns   темекі маркасының қожайыны ретінде Норвегияда  аты  шыққан. 2005 жылы Андресендер темекі бизнесіндегі үлесін $480 млн-ға сатты. Қазіргі уақытта  Ferd – тек инвестициялық компания.

Оны Иохан Андерсен басқарады. Бүгінде Александра Андресеннің байлығы шамамен 1,2млрд долларды құрайды.

Катерина Андерсен — Amsterdam University College-дің бірінші курста оқиды. Катерина Андерсен мен Александра Андерсен — апалы-сіңлі. Екеуі де Норвегиядағы танымал Ferd компаниясының мұрагерлері. Оларға әкесі Иохан Андерсен компанияның 42% бергеннен кейін екі қыз да бірден миллиардер бикештер болып шыға келген. Оның да байлығының үлесі — $1,2млрд.

 

Густав Магнар Витзе – миллиардердің баласы.  2013 жылы әкесі Густав Витзе «В» класындағы акциясының бәрін ұлына сыйға тартады.

Осыдан кейін ол Норвегиядағы алпауыт компаниялардың бірі «Salmar ASA» компаниясының 47% үлесіне ие болып шыға келген. «Salmar ASA» компаниясын жас миллиардердің әкесі 1991 жылы құрды.

Қазіргі уақытта компанияны әкесі Густав Витзе басқарады.  Ал ұлы Магнар  — байлықтың заңды иесі. Жалпы байлығының мөлшері — $1,1 млрд.

Эван Шпигель ауқатты отбасынан шыққан. Ол 31 жаста. Негізінен оның миллиардерлер қатарына қосылуына отбасының ешқандай қатысы жоқ. Өзінің жасаған әлеуметтік желісі  оны аз уақыттың ішінде әлемдегі миллиардерлер тізіміне енгізген.

Эван Шпигель Стэнфорд университетінде дизайн саласында  оқып жүргенде Бобби Мерфи және Реджи Броунмен танысады.  Олар бірігіп,  «Picaboo» қосымшасын ойлап табады. Алайда олардың арасында Реджи Браунмен араздық туып,  «Picaboo» сәтсіздікке ұшырайды. Осыдан кейін Эван мен Бобби бірге тез арада танымалдылыққа ие болған  «Snapschat»  әлеуметтік желісін құрастырады.

Бұл жобаға Марк Цукерберг де қызығушылық танытып, оны 3 млрд долларға сатуларына ұсыныс жасайды. Бірақ олар бұл ұсыныстан бас тартыпты. Forbes-тің дерегінше Snapchat- қа  күн сайын 100 млн адам кіреді екен. Эванның бүгінгі байлығының мөлшері — 2,1 млрд доллар.

 

Бобби Мерфи стэнфордтық досы Эван Шпигельмен бірге «Snapchat» әлеуметтік желісін ойлап шығарған. Желі аз уақыттың ішінде халық арасында кеңінен тарап, танымалдылық ие болады.  «Forbes-тің» бағалауынша Мерфидің «Snapchat-тағы» үлесі 11%-дан кем емес.

Қазіргі таңда Бобби Мерфидің есепшотында 1,8 млрд доллар бар.

Ван Хань  — миллиардердің баласы. «Juneyao Air»  әуекомпаниясы Ван Ханның әкесін миллиардерлер қатарына қосады. Алайда оның әкесі 2004 жылы қайтыс болған. Ал Ван Хань осы әуекомпанияның 27%-ына иелік етеді. Оның 1,3млрд доллар байлығы бар.

 

Людвиг Теодор Георг — 1977 жылы  «B.Braun Melsungen AG» компаниясының тізгінін қолға алып оны медициналық заттар өндіретін алпауыт компанияға айналдырған Людвиг Георг Браунның кенже ұлы.

Бүгінде аталған компанияда 54 мың адам жұмыс істейді. 2014 жылы компанияның табысы 5,4 млрд долларды құрады. Ал Теодор Браун осы компанияның 9,69%-ына иелік етеді.

Бүгінде Людвиг Теодор Браунның байлығы 1,2 млрд долларды құрайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер