Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті

2701
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Vesti.kz-ке" сілтеме жасап.

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады. Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл  — қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14-ші жеңісі.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер