Елімізде 6,6 млн адам вакцина алған

2963
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда соңғы бір айда вакциналау қарқыны екі есеге артқан. Бүгінде елімізге 8,7 млн доза вакцина әкелініп, оның ішінде 6,6 млн доза вакцина салынған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінге дейін елімізде екпенің бірінші компонентімен 4,2 млн аса адам немесе тиісті контингенттің 42,8 пайызы егілген. Ал екінші компонентпен 2,4 млн жуық адам қамтылған.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Қазақстан бойынша қандай өңірлерде вакциналау қарқыны төмен деңгейде екенін айтты. Атап айтсақ, Маңғыстау облысында бірінші компонентпен тиісті контингенттің 21,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 34,9 пайыз, БҚО-да – 35,5 пайызы ғана егілген.

«Ashyq жобасы 13,5 мыңнан аса бизнес субъектілеріне пандемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде 96 пайыз шағын және орта бизнестің жұмысы қалпына келтірілді. Ashyq арқылы анықталған 11,5 мыңнан аса карантин режимін бұзғандарға, талапты сақтамаған мың субъектіге қатысты шаралар қабылданды», - деді Е. Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер