Ауғанстандағы қазіргі жағдай Вьетнамда 1973 жылдың наурызында, АҚШ-тың соңғы әскерлері елден шыққан кездегі жағдаймен ұқсас. Бұл туралы НАТО-ның бұрынғы жоғары дәрежелі әскери қызметкері және Брюссельдегі қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Пьер Энро мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новости-ге" сілтеме жасап.
«Менің ойымша, президент Ашраф Ганидің ресми Кабул үкіметі осы қыркүйекте соңғы американдық сарбаздар кеткеннен кейін елді басқара алмайды», - деді ол.
Сарапшы егер радикалды «Талибан» қозғалысы (Ресейде тыйым салынған) басып алынған территорияларда эмират құрса, ол аймақтарда батыстық құндылықтарға орын қалмайтынын жеткізді.
Осыған ұқсас пікірді Луван католиктік университетінің саяси ғылымдар факультетінің профессоры Луи Ле Харди де Болье де айтты. Ол Ауғанстандағы Талибан билігінің бірінші кезеңі осындай болжамдар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сарапшылар сонымен бірге Ауғанстан аумағында және одан тыс жерлерде де гуманитарлық проблемалар болатынын болжады. Атап айтқанда, олар көрші елдер мен Еуропаға қашатын босқындар санының артатынын айтты.
Пьер Энро мен Луи Ле Харди де Болье сөз арасында Еуропа елдері мен Талибан арасында дипломатиялық қатынастар орнату мүмкіндігіне күмәнмен қарайтынын да айтып қалды.
"Адырна" ұлттық порталы.