Әйеліне пышақ сұғып алған

2320
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде зейнетке шыққан ерлі-зайыптылар жанжалдасып, күйеуі әйеліне пышақ сұғып алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

66 жастағы отағасы 60 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші орталық ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза бар екендігін айтады.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 17 қылмыс тіркелген.  Учаскелік полиция инспекторлары 2590 қорғау нұсқамасын шығарып, соттар құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына 701 ерекше талап қойған. Оның ішінде 564 құқықбұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ биыл Ақтөбе облысында ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін) 923 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер