Диплом бере алмайды: Екі жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

3212
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі «Орда» және «Мирас» университеттері бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльвира Сапарбекова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, 2020 жылы «Орда» және «Мирас» университеттерін тексеру барысында білім саласындағы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған. Жоғары оқу орындарының қызметі тоқтатылып, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт беріліпті. Алайда жоғары оқу орындары қателікпен жұмыс жасамаған. 8 ай комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне шағымданумен айналысты.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 1 шілдеде екі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, бұл университеттер түлектеріне диплом бере алмайды. Оқуды аяқтау үшін студенттерге басқа университеттерге ауысуға болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер