Коронавирус ауа райы ыстық кезде ауыр өтетін болып шықты

748

Ауа райы ыстық кезде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары болады және мұндай кезеңде вирус ауыр өтеді. Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников РИА Новостиге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ауа райы ыстық кезде коронавирус ауруына шалдығу қаупі жоғары. Өйткені ағзаға салқын тию мүмкін. Бұдан бөлек иммунитет төмендеуі де ықтимал. Бұл әсерлердің салдарынан ағза бактериялар мен вирустардан қорған алмайды. Сонымен қатар ауа райының ыстық болуы коронавирустың да ағымын ауырлатады», - деді ол.

Дәрігер бұл ауруды алдын алу үшін вакцинаны тезірек алу керек екендігін айтып өтті.

Коронавирус жұқтырғандар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны мұқият қадағалауы керек. Ол үшін бөлмені желдетіп, ылғалды тазалау маңызды болмақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы