Токиода төтенше жағдай режимі енгізіліп, Бангладеште 201 адам көз жұмды

4324
Adyrna.kz Telegram

Токиода төтенше жағдай режимі енгізілді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өткен тәулікте Токиода коронавирус бойынша 920 жағдай анықталған. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 206-ға көп. Осы орайда Жапония министрлер кабинеті 22 тамызға дейін төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ Индонезия билігі коронавирус салдарынан адам өлімінің көбеюіне байланысты шектеу шараларын күшейткен. Жаңа шектеулер, атап айтқанда, қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мәжбүрлеп ауыстыруды, мейрамханалар мен дүкендердің жұмыс уақытын шектеуді қамтиды. Шаралар елдің бүкіл аумағында жүзеге асырылмақ.

Өткен тәулікте әлемдегі бірқатар елдерде коронавирус індетіне шалдыққандардың саны бойынша антирекордтар тіркелді. Мәселен,  Индонезияда 34 379, Кувейтте 1 993 жағдай тіркелген. Сонымен қатар коронавирустан көз жұмғандар саны жағынан Бангладеш "алдыңғы" орында. Мұнда індеттен  бір күнде 201 адам қайтыс болған.

Ал Португалияда анықталған коронавирустың жаңа жағдайларының 90%-ға "дельта" штаммы табылған.

Өткен аптада Португалия билігі COVID-19 оқиғаларының көбеюіне байланысты елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде астанасы Лиссабонда коменданттық сағат енгізген болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер