2021 жылғы 5 шілдеде Тараз қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға сержанты Бекжан Мамырұлы Тіленшиев қайтыс болды. Ол осыдан 5 жыл бұрын аса қауіпті қызметкерді ұстау кезінде жарақат алған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бекжан 1989 жылы 22 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақ-ата ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік бизнес колледжін бітіргеннен кейін 2010 жылы ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылған.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2013 жылғы 19 наурызда бастаған.
«19.06.2016 жылы Тараз қаласында аса қауіпті қарулы қылмыскерлерді ұстау кезінде полиция аға сержантының мойны мен кеудесіне оқ тиіп, жарақат алды. Көрсеткен ерлігі үшін сол жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды»,– деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Адырна» ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтады!
«Адырна» ұлттық порталы