Ресейлік режиссер Владимир Меньшов 82 жасқа қараған шағында коронавирустан көз жұмды

2757
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/20210705_200228.jpg
Ресей Федерациясының халық әртісі, актер, режиссер Владимир Меньшов 5 шілде күні 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл жайында «Мосфильм» кинокомпаниясының ресми сайты мәлімдеді. Бұған дейін, 26 маусым күні әйгілі режиссердің COVID-19 дертіне шалдыққаны белгілі болған еді. «Жақын жолдасымызды жоғалттық, барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз»,-дейді «Мосфильм» кинокомпаниясы өз жазбасында. Меньшов 1939 жылы 17 қыркүйек күні Баку қаласында дүниеге келген. Кино актеры ретінде 120-дан астам рөлді сомдаса, 30-ға жуық фильмге режиссерлік етті. Оның ең тырнақалды туындысы-«Москва слезам не верит» 1981 жылы Оскар жүлдесінде жеңіске жеткен. Кино майталманын ақтық сапарға аттандыру рәсімі 8 шілде күні Мәскеу қаласында өтпек.
Комментарии