"Яндекс.Такси" қызметі бұғатталмайтын болды

3124
Adyrna.kz Telegram

Апелляциялық сот Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметін бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы прокуратурасы 100 мың жүргізушінің жұмыссыз қалуына байланысты апелляцияға бергендерін хабарлады.

"Бүгін апелляциялық сот алқасы істі қайта қарап, прокурордың апелляциялық өтініші бойынша сот шешімін жойып, "G-taxi" ЖШС талаптарын негізсіз деп танып, жаңа шешім шығарды", - деді прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салынып, оның ел аумағында бұғаттау туралы шешім жасалғаны туралы хабарланған еді.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер