Желіде медбике палатадағы науқасты аяусыз ұрып жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Pdmnews.ru сайтының хабарлауынша, видео Кострома қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің палатасында түсірілген. Кадрлардан медбикенің пациентті - диванға жатқан әйелдің қолын және бетін бірнеше рет ұрғаны көрсетілген.
Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің аймақтық штабы басылымға бұл қызметкердің кім екендігі әлі анықталмағанын айтты.
"Мониторинг барысында біз осы бейнені анықтадық. Аталған факт бойынша тергеуге дейінгі тексеру тағайындалды, біз мұндай әрекеттерге заңды баға береміз. Бұл кім екенін анықтау керек - мейірбике немесе санитарлық қызметкер ме? Осы жағдайлардың барлығы нақтылануда", - деп атап өтті бөлімде. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеруді бастады.
Кейін клиниканың бас дәрігері Евгений Нечаев басылымға медбикенің пациентті ұрғаны үшін жұмыстан шығарылғанын, ал оқиға болған бөлімнің басшысы жұмысынан айырылады деп айтқаны белгілі болды.
"Ол жұмыстан шығарылады және материал прокуратураға тапсырылады, өйткені бұл қылмыстық іс. Сондай-ақ, ведомство басшысы қарамағындағыларға бақылау болмағаны үшін қызметінен босатылады. Осы бөлімнің қызметкерлерімен жұмыс барлық жағынан қатаң бақылауға алынады", деді ол.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз: https://t.me/pdmnews/40913
"Адырна" ұлттық порталы