Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның олимпиадалық құрамасының формасын таныстырды. Отандық олимпиадашылар Олимпиада ойындарына қазақстандық және шетелдік мамандар арнайы дайындаған киіммен аттанады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
"Salta" брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері болды. Қазақстандық спортшыларға арналған спорттық форманы испандық Joma компаниясы жасады.
Токиоға арналған жиынтықты дайындауда спортшыларға дизайн, маталар мен тігін бұйымдары бойынша шешуші таңдау берілді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің жетекші спортшылары олимпиадалық киімді таңдауға арналған сауалнамалар, презентациялар мен кездесулерге қатысты.
"Әрбір спортшы үшін Олимпиада ойындары – бұл спорт мансабындағы ең маңызды оқиға, арманға бастаған, ұзақ жылға созылған қажырлы жаттығудың нәтижесі.
Олимпиаданы кейінге қалдыру, бәсекелестік тәжірибенің болмауы, іріктеу турнирлерін кейінге қалдыру немесе оларды күнтізбеден алынып тасталуы сынды оқиғалар былтырдан бері Токио Олимпиадасы шеңберінде белгісіздік болды. Бүгінде біздің міндетіміз – оларға барлық жағынан, соның ішінде олимпиадалық киім сияқты мәселелерде барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан 35 спортшыдан тұратын комиссия форманы таңдау құқығын алды және олар өздері Токиода оларға киюге не ыңғайлы болатынын анықтады, – деп пікір білдірді Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Олимпиадалық киім формасына кэжуал форматында таңдалынған. Дизайнер коллекцияның ыңғайлылығына, беріктігіне, шыдамдылығына кепілдік береді, сонымен қатар бұл киімдерге күтім жасау оңай және мыжылмайды деп атап өтті Олимпиада формасының дизайнері Салтанат Баймұхамедова.
"Қазіргі заманғы маталарды жасау технологиясы дамыды, олардан жасалған заттар теріге бейім, гипоаллергенді және жақсы көрінеді. Спортшылар дәл мен ұсынған киім формасын таңдағанына қуаныштымын. Олимпиадашылардың таңдауы мені шабыттандырады. Олар Олимпиада аяқталғаннан кейін де бұл форманы кигілері келетінін айтты. Мен біздің спортшылардың Токиода прогрессивті және заманауи болып көрінгенін қаладым. Әлемдік трендтер мен спортшының қалауын бірге ұштастырып, форманы "спорт-шик" форматын ұсынғым келді", – деді дизайнер.
"Адырна" ұлттық порталы