Қазақконцерт 60-мерейтойлық концерттік маусымын тәмамдады

2483
Adyrna.kz Telegram

Тұтас маусымды қорытындылаған гала-концертте Айман Мусахаджаева, Азамат Желтыргузов, Медет Чотабаев, Ерлан Рысқали, Салтанат Ахметова, Альфия Каримова, Айзада Капонова, Азат Малик, Айгерім Алтынбек сынды танымал солистер өнер көрсетті. Сондай-ақ өнер сүйер қауым Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауындағы үздік шедеврлерді тыңдай алды. Дирижерлік тұрғыда - Украинадағы Днепропеторвск филормониясының көркемдік жетекшісі, Айдар Торыбаев.

Концертте өнер сүйер қауым классикалық музыканың жауһарларына айналған туындылармен сусындады. Концерттік бағдарламаға «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебек», «Кармен»,  «Севильский цирюльник», «Иродиада» және т.б. опералардың ариялары енген. Сонымен бірге концертте Е. Хасанғалиев, С. Еркімбеков, Дж. Россини, И.Гайдн және В.А.Моцарт, Л. Бернстайн, Л.Хамиди сынды белгілі композиторларының туындылары шырқалды. Концерттің әрбір музыкалық номерімен ерекше үйлесім тапқан әртістердің кәсіби шеберлігі көрерменнің жоғары бағасын алды.

Концерттік ұйымның басшысы Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, осы маусымда жұртшылыққа ұсынған жаңалық аз болған жоқ.Алпыстың асуын бағындырып, игі дәстүр мен жаңашылдықты қатар ұштастыра білген Қазақконцерттің барлық жобалары биылғы концерттік маусымда да халықты рухани сусындатып, баршаға қолжетімді бола білді.

«Мерейтойлық жылдың аясында біздің әртістер көрермендерді онлайн және офлайн форматтағы іс-шаралармен  қуантты. Атап айтқанда, өнер сүйер қауым 50 жуық офлайн және 100 тарта онлайн форматтағы жаңа жобаларды ұсынды. Оның ішінде қайырымдылық іс-шаралар, ашық аспан астындағы қойылымдар мен концерттер бар. Биыл Қазақконцерттің шығармашылық әлеуеті жаңа бағытта дами түсіп, ұйымның әлеуметтік маңызы да арта түсті. Біз дәл осы қарқынмен енді жаңа концерттік маусымға дайындық жүргіземіз»,  деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Адамзат үшін қиын межелердің бірі – пандемияның кезінде өткен 60-мерейтойлық маусым да өз мәресіне жетті. Санитарлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жүзеге асқан бұл концерттік маусым артистердің де, көрермен қауымның да есінде қалары сөзсіз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер