Тағы да карантин, тағы да шектеулер

2747
Adyrna.kz Telegram

2 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты облыс әкімдіктеріне «сары» аймақта орналасқан өңірлерде күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

«Сондай-ақ әкімдіктерге мобильді бригадалардың шығуын ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейту тапсырылды», - делінген ️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Сонымен қатар Премьер-Министрінің орынбасары Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Ashyq» жобасына қатысатын бизнес субъектілерінің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес «Атамекен» ҰКП ұсынысы бойынша келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды жүйеден 2 аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды.

ВАК отырысында ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша жыл басынан бері полиция органдары 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер